Шығыс Қазақстанда әкесі ұлын атып өлтіріп, кейін өзіне қол салған

245

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Қабырға ауылында бір үйден екі адамның мәйіті табылды. Оқиға 17 желтоқсанда болған. Полицияға зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйітінің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Polisia.kz жазуынша, алдын ала болжамға сәйкес әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған. Содан кейін ер кісі өз-өзіне қол жұмсаған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сот сараптамалары тағайындалды.

Алдыңғы пост
«Бақытты жанұя» орталығы 11 айда 42 972 азаматқа қызмет көрсетті
Келесі пост
Студент сіңлісіне көмектеспек болған шымкенттік қомақты ақшасынан айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu