512
Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтары бір аптада полицияға 9000-нан астам қоңырау шалған. Оның жартысына жуығы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«19-25 маусым аралығында Жедел басқару орталығының «102» арнасына 9172 әртүрлі сипаттағы қоңырау келіп түсті. Оның 4496-сы тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады қалалық Полиция департаментіндегілер.
Қала аумағында орнатылған бейнекамералардың көмегімен бір аптада 6 қылмыстың ізі суымай ашылған. Оның 4-уі ұрлық, 2 жайт тонау қылмысы.
Нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 1279 хаттама толтырылған. Атап айтқанда, жол ережесіне қатысты – 690, нөлдік төзімділік бойынша – 391 және басқада 198 хаттама толтырылды.