ХҚКО-ға жұмысқа тұрмақ болған шымкенттік 1,2 млн ақшасынан айырылды

373

Шымкентте тұрақты жұмысқа кіремін деген тұрғын оңбай алданды. Жәбірленушінің айтуынша,   бір жылдан бергі танысы Халыққа қызмет көрсету орталығына жұмысқа кіргізіп беремін деп уәде еткен. Ол қызметі үшін алдын ала 1 222 500 теңгесін алып, тоғыз ай бойы уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүрген.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталды. Жасы-35-те, жұмыссыз.

Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкенттік студент есірткімен ұсталды
Келесі пост
Көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu