Шымкентте 3 жасар бүлдіршіннің қолы электрлі еттартқышта қысылып қалды. Құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын еттартқыштан босатуға көмектесті.
Қалалық балалар ауруханасынан ” 112 ” құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр еттартқышта қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмаған, құтқарушылардың көмегі қажет болған.
Бүлдіршіннің ата-анасының айтуынша, олар электр тартқышпен жұмыс істеген кезде бала жанында болған.
“Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты. Бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған” делінген ТЖД мәліметінде.
Қазіргі уақытта бүлдіршін аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.