Шымкент полициясы танысын ұрып өлтірген күдіктіні қамауға алды

Теги: , ,
224

Оқиға 25 тамыз күні кешкі уақытта болған. 102 арнасына Тельман шағынауданында жергілікті тұрғынның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

40 жастағы ер адамның мәйітін қарау кезінде әртүрлі дене жарақаттары анықталды.

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі “Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бойынша тіркеді. Күдікті ұсталды. Ол марқұмның 47 жастағы танысы болып шықты.

Полиция мәліметінше, ер адамдар арасында төбелес болып, күдікті қарсыласын нокаутқа түсіріп, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте жылу маусымының сығымдау жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталады
Келесі пост
Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышта қалып қойды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu