Шымкентте 8 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылды

Теги: ,
234

Шымкент қаласында 8 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылды. «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 2023 жылы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру жүргізілуде.

Әкімдіктің мәліметінше, биыл қаңтар айынан мамырға дейінгі нәтижеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 8 319 адамға жетті.

Олардың ішінде:

– 156 жас skills.enbek.kz/kk платформада талап етілетін дағдылары арқылы онлайн-оқытылды;

– 129 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды;

– 768 адам жастар практикасына;

– 1289 адам қоғамдық жұмыс орыны;

– 652 адам алғашқы жұмыс орнына;

– 9 адам «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша жұмысқа тартылды;

– 3 594 адам business.enbek.kz/kk «Бастау Бизнес» жобасы аясында (онлайн платформасы арқылы) оқып сертификатқа ие болды;

– 47 адамға комиссияның қорытындысына сәйкес, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік грант берілді;

– 1 675 жас бос жұмыс орындарына жолдамамен жолданды.

Айта кетейік, Шымкент қаласының жұмыс іздеуші жастары тұрғылықты мекен-жайлары бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Еске салсақ, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жолданғаны туралы хабарлаған болатын.

Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарламалар жіберілді.

Еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілгенін естеріңізге саламыз. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост
Ордабасы ауданында түлектер көпбалалы анаға үй салып берді
Келесі пост
Жоғары сынып оқушысынан таяқ жеген 7 оқитын бала ауруханада көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu