454
Шымкентте №6 қалалық емхананың бас дәрігерінен 1 миллион теңге талап еткен жергілікті блогерге сот үкімі оқылды.
Абай аудандық сотының мәліметінше, оқиға 2022 жылдың 12 сәуір күні болған. Блогер өзінің сыбайласымен алдын ала сөз байласу арқылы медицина мекемесіндегі кемшілікті видеоға түсіріп, оны ғаламтор желісінде жарияламас үшін емхананың бас дәрігерінен қомақты ақша талап еткен. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) 2-бөлігі 2-тармағымен іс қозғалған.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен блогер кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.