Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында қала аумағында психотроптық заттар қойып кетумен айналысқан қызды ұстады.
“Жұмысқа” шыққан автоледи полицейлерді байқап, есірткі орамынан тезірек құтылу үшін оны жолдың шетінде тұрған өз көлігінің астына лақтырып жіберген. Жедел қызметкерлер буманың ішінен бір реттік 20 доза «синтетика» тапты. Сондай-ақ, ұсталған азаматшаның көлігінің салонын тексеру кезінде тағы бір шағын орам «гашиш» тәркіленді. Бұған қоса, оң жақ еден кілемшесінің астынан құпия орындарды қазуға арналған пышақ табылды.
Тергеушілер бұл жайтты Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша тіркеді.
Бойжеткеннің жақында ғана медицина саласындағы қызметінен кеткені белгілі болды.
«Қазір аталған жайт бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті қамауда», – деді полиция майоры Бауыржан Қарбеков.