Оқушылар мен ата-аналар мұғалімнің ұзату тойында ешкім күтпеген тосын сый жасады

Теги: , , ,
333

Бастауыш сынып мұғалімінің ұзату тойына келген оқушылар ата-аналарымен бірге жұртты таң қалдырды. Тіпті ақ босаға аттағалы тұрған педагог пен той қонақтары көз жасына ерік берді.

Бұл сәттің видеосын ұзатылып жатқан мектеп мұғалімі Нұрсезім Асқарқызы ТікТок парақшасында жариялады. Онда бір топ оқушы той залына ата-аналарымен бірге кіріп келеді. Кейіннен ата-аналар ұстазға алғысын айтып, ақжарма тілегін жаудырады. Ал балалар мұғалімге арнап ән арнайды. Әннің мәтінінде Нұрсезім есімді апайлары екі жыл сабақ бергені туралы айтылады. Қатты бауыр басып қалған оқушылар ұстазды қимай тұрғандарын жеткізеді.

«Ата-аналарым өздері өлеңнің сөзін жазып, балаларыма орындатқан. Аллаға шүкір деймін, ең керемет оқушылар мен ата-аналар тек менде бар» деп жазды автор.

Видеоны көрген желі қолданушыларының басым көпшілігі балалардың бұл тосын сыйына қатты қуанып, көбі көздеріне жас алғандарын жарыса жазды.

«Мына видеоны көріп, ағыл-тегіл жыладым. Өте керемет құрмет. Ата-аналар, ұстазды осылай сыйлауды үйреніңіздер», «Осындай шәкірттерді тәрбиелеген ұстазына мың алғыс», «Ұстазды сыйлағанның қадірі артады», «Жылап жібердім ғой, не деген күшті. Риза болдым», «Жылататын видео, бақытты болыңдар», «Біраз тойды көрдім, бірақ мына той мейірімге толы сәттерімен есте қалатын болды», «Қай жерде болса да ұстаздың орны төрде» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Шымкентте садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам оңбай ұсталып қалды
Келесі пост
Ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu