Шымкентте қаптап кеткен жыландар жұрттың үрейін ұшырып отыр

Теги: , ,
485

Шымкентте қаптап кеткен жыландар әлі де азаймай тұр. Мәселен, өткен демалыс күндері құтқарушыларға тұрғындардан аулаларында жылан табылғаны туралы 14 қоңырау келіп түскен.

Шымкенттік құтқарушылар жыл басынан бері 42 рет жыландарды аулауға шыққан. Оның ішінде 31 шақырту бойынша жылан  табылып, қауіпсіз аймаққа шығарылды. Қоңыраулардың көпшілігі мамыр айында түскен. Ал демалыс күндері қала тұрғындары жыландарды аулау үшін құтқарушыларға 14 рет жүгінді. Оның ішінде 7 қоңырау бойынша жылан табылған жоқ. Қалған 7 шақырту бойынша табылған жыландарды  құтқарушылар қауіпсіз аймаққа жеткізді. Атап айтқанда: 27 мамырда “112” құтқару қызметіндегілер Бекетті көшесіндегі тұрғын үйде сағат 19.14-те, Қарабастау елдімекенінде сағат 20.36-да, Қайып ата көшесіндегі тұрғын үйде, Бекзат Саттарханов көшесіндегі тұрғын үйде сағат 22.04-те, ал 28 мамырда сағат 9.55-те техникалық орталықта көмек көрсетті. Сағат 16.07-де және 16.55-те Гидролизная көшесіндегі, 17.58-де Жастар көшесіндегі, 18.50-де Темирязов пен Табынбаев көшелеріндегі тұрғын үйлерден шақырту түскен.

Барлық шақырту бойынша құтқарушылар оқиға орнына  дереу жетіп, тұрғындардың үрейін ұшырған жыландарды қауіпсіз аймаққа алып шыққан.

Төтеншеліктердің мәліметінше, сәуірдің ортасынан мамыр айының соңында жыландарда жұптау процесі жалғасады. Осы кезеңде олар ең қауіпті және ең үлкен агрессияны көрсетеді.

Алдыңғы пост
Антикор полиция генерал-майорына қатысты тергеуді аяқтады
Келесі пост
Шымкентте үш жасар бүлдіршін 5-ші қабаттан құлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu