Шымкентте жұмыстағы сейфтен 7,5 млн теңге ұрлап кеткен жігіт сотталды

Теги: , , ,
295

Оқиға Абай ауданында орналасқан көлік жөндеу орталығында болған. Оңтайлы сәтті пайдаланған жас жігіт түн ортасында орталыққа терезе арқылы кіріп, сейфтен ақшаны алған соң  ізін суытқан.

Жәбірленуші жеке кәсіпкер дереу полицияға арызданып, 7 млн 500 мың теңгесі ұрланғанын жеткізген. Полицейлер жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті ретінде 23 жастағы Түркістан облысының тумасы қала аумағында ұсталды. Ол сол орталықта дөңгелек жөндеумен айналысатын жұмысшы болып шықты.

“Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3- тармағы «Аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық» бойынша тіркелді. Тергеу барысында ер адам сейф ішінде қомақты қаражат сақталатынын байқап, қылмысқа алдын ала дайындалғаны анықталды. Ұрланған ақшаны жеке қажетіне жаратып жіберген. Тергеушілер оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар мен жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдады” делінген полиция мәліметінде.

Сот үкімімен жас жігіт кінәлі деп танылып, оған 5 жыл 6 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алдыңғы пост
Балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай базасы құрылады
Келесі пост
Биыл 364 мың бала бірінші сыныпқа барады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu