​Шымкентте жас қызды жатақхана алдында алып қашқандар ұсталды

Теги:
272

Шымкентте оқу орындарының бірінде оқитын студент қызды әлдекімдер күштеп алып қашты. Оны студенттердің бірі видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Көп ұзамай қалалық Полиция департаменті аталған видеоға қатысты пікір білдірді. Полицейлер аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) тіркеген.

«Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Жауап алу барысында Түркістан облысының тұрғыны Шымкент қаласындағы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген таныс қызды үйлену мақсатында ұрлап кеткені анықталды» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.

Студент қыз тұрмысқа шығудан бас тартқан және орын алған жайтқа қатысты ешкімге ешқандай шағымы жоқ екенін көрсетіпті. Дегенмен полицейлер қазіргі таңда болған оқиғаны тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Алдыңғы пост
2024 жылы Шымкент-Балқаш бағыты бойынша әуе қатынасын ашу жоспарлануда
Келесі пост
​Жетісайда екі көлік соқтығысып, бірі аялдама жанындағы тамақтану орнын бұзып өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu