Шымкенттік медбикелер GPS құрылғысымен жұмыс істеуде

Теги: , ,
349

Шымкентте медицина қызметін халыққа барынша қолжетімді ету мақсатында емхана медбикелеріне GPS құрылғысы берілді. Енді олар өз учаскелеріндегі азаматтардың денсаулығын аралап, қарау барысында ауруы асқынған науқасқа кезіксе, құрылғының көмегімен қажетті дәрігерді жылдам шақыртып береді.

GPS навигациясымен қаладағы №6 емхананың медбикелері жұмыс істеуде. Жаңа құрылғымен 38 маман қамтылған. Бұл аппарат арқылы монитордан емхананың аумағында тіркеуде тұрғандардың нақты мекенжайларын, пациент туралы ақпараттарды көруге болады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер бұл цифрлы жүйе халықтан келіп түсетін өтініш-шағымдардың санын азайтып, бала өлімін болдырмау, медициналық көмекті өз деңгейінде көрсетуге, тіпті, әлеуметтік мәселелердің алдын алуға оң ықпалын тигізеді деп отыр.

“Қалалық №6 емханада мамыр айынан бастап үздік озық тәжірибелік орталығына көшу бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осы мақсатта аймақтық медбикелерге әмбебап прогрессивті патронаж моделін толық енгізуде GPS навигациясы іске қосылды. Бұл мақсатта 38 медбике қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Бұл жүйенің басты мақсаты – аймақтық медбикелер аула аралау кезінде 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстарын жүгізеді. Динамикалық бақылауда тұратын азаматтарды жоспарлы профилактикалық тексеруге шақыруды қамтамасыз етеді, – дейді Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ұлбала Ерғалиқызы.

Егер пациенттер арасында шұғыл медициналық көмек туындаған жағдайда GPS навигациясының батырмасын басу арқылы бас дәрігердің орынбасары, бөлім меңгерушісі және бас медбикенің сымтетіктеріне шақырту келіп түседі екен. Келіп түскен шақыртуға дер кезінде қажетті медициналық көмек ұсынылады.

Алдыңғы пост
«Әжемді сағындым»: Шымкентте 10 жасар бала жоғалып кетті
Келесі пост
«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің үстінен қозғалған іс сотқа жіберілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu