318
Өскеменде студент жігіт тұрғын үй ауласында тұрған жеңіл көлігін ұрлатып алды. Полицияға арызданған ол құны 1 миллион теңгеге жуық “ВАЗ” автокөлігін белгісіз біреу айдап кеткенін айтқан.
Көп ұзамай криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны ұрлық жасады деген күдікпен тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ұрланған көлік тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындаған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.