“Керегі жоқ”: Түркістан облысында 11 баласы бар ана АӘК алудан бас тартты

Теги: , , ,
143

Түркістан облысы Келес ауданында 11 баласы бар әйел атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)  алудан бас тартты. Бұл туралы алтын құрсақты ана облыс әкімі Дархан Сатыбалдының аудан халқымен кездесуі кезінде айтты.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Біртілек ауылдық округі Аққорған елдімекенінің тұрғыны, көпбалалы ана егін егіп, өз кәсібін дөңгелету үшін конкурс арқылы жер алуға ниеті барын жеткізген.

«Ауыл аманаты» бағдарламасына АӘК алушылар да қатыса алады деп естідім. Маған АӘК-тің керегі жоқ. Одан да осы бағдарламамен 2 га жер алып, егін егуді қолға алмақпын. Аллаға шүкір, 10 қызым, 1 ұлым бар. Өз-өзімді бағып кетемін», – деді көпбалалы ана.

Алтын құрсақты ананың бұл сөзін естіген облыс әкімі оған риза болып, қажет болса несие берілетінін алға тартты.

«Батыр анамызға бір қол соғып қойыңыздар. Еңбектенем деген адамға мүмкіндік көп. Міне, 11 баласы бар, АӘК керек емес деп отыр. Жер мәселесіне келсек, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сізді кооперативке мүше етіп кіргізіп, жергілікті әкімдік арқылы жерді пайдалануға беруге болады. Өзіңіз өңдейсіз. Қажет болса, сізге 2,5% несие де бере аламыз», – деді облыс әкімі.

Алдыңғы пост
Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кетті
Келесі пост
Сырдарияда суға батқан 11 адам бойынша тағы бір дерек шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu