Түркия СІМ Абай облысындағы орманшылардың қазасына көңіл айтты

Теги: , , , ,
397

Түркияның Сырты істер министрлігі Қазақстанның Абай облысындағы өрт кезінде орманшылардың қазасына көңіл айтты. Бұл туралы ведомство  Twitter парақшасында жариялады.

«Қазақстанның Абай облысындағы өрт кезінде 14 орманшының қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына, Қазақстанның дос әрі бауырлас халқына және Үкіметіне көңіл айтамыз», – делінген Түркия СІМ хабарламасында.

Еске салсақ, 8 маусымда Семей орманында өрт шықты. Алапат өртке байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.

Орман өрті Успен, Поднебесное, Барышевка ауылдарына қауіп төндіретіндіктен ондағы тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды.

«Семей орманы» резерватында болған ірі орман өртін жою кезінде Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды. Мемлекет басшысы өрт сөндіру жұмыстарымен танысып, арнайы штабтың отырысын өткізді.

Өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын мәлімдеді.

Алдыңғы пост
Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні
Келесі пост
Абай облысында орман өрті кезінде тағы бір адам із-түзсіз жоғалып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu