Түркістан облысында 8 мектеп оқу жылына дайын емес

Теги: , ,
227
Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейі бойынша 907 мемлекеттік мектепке мониторинг жүргізілген. 
Оқу ағарту министрлігі барлық аймақтарда кешенді мониторинг жұмыстарын бастаған. Министрдің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 8 мектепті анықтап, сонымен қатар мониторинг барысында 14 мектептің жүріп жатқан күрделі жұмыстарына аса назар аударған.
«Бүгінде жөндеуден өтіп жатқан мектептердің 35%-ы 1970 жылдары салынса, 35%-ы 1980-1989 жылдары салынған. Ал ал 30%-ы тіпті 2005 жылдан кейін пайдалануға берілген. Қазіргі таңда облыста  ғимараты толық жөндеуден өтіп жатқан 5 мектеп, ал шатыры, ішкі мен сыртқы қабырғалары, терезе, есік, едендері жөнделіп жатқан 7 мектеп, электр жүйесі, демонтаж, ішкі су, кәріз жүйесі, терезе, шатыры жөндеуден өтіп жатқан 1 мектеп, күрделі жөндеуге конкурс жарияланып, жөндеу жұмыстары басталмаған 1 мектеп бар», – деді Жанар Қасымова.
Жоспар бойынша 2023-2024 оқу жылына 14 мектептің 9-ы тамыз айының соңына дейін тапсырылса, 5 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары кешіктіріледі деп күтілуде, демек 5 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Олар: Төлеби ауданындағы «Қаратөбе» жалпы орта мектебі мен «Қостөбе» ШЖЖОМ. Одан бөлек, Түлкібас ауданындағы А.Оразбаева, Ордабасы ауданындағы Е.Ерназаров, Кентау қаласындағы №24 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектептері.
Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кешіктірілген мектептердің оқушылары көрші мектептерге тасымалданады деп жоспарлануда.
Күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, жаңа 2023-2024 оқу жылына тағы мемлекеттік лицензиясыз білім беру қызметін жүргізіп жатқан 3 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын емес. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданындағы №78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы №1 жалпы орта мектебі, Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі 5-9 сынып оқушыларын қабылдай алмайды. Бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары мен лицензияға қосымшалары берілмеген.
Алдыңғы пост
Баланы балабақшаға беру үшін қандай құжаттар керек?
Келесі пост
Шымкенттік полицей қызметтік көлікпен 2 адамды қағып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu