Түркістан облысында кенже ұлын балталап өлтірген әке 15 жылға сотталды

Теги:
374

Жантүршігерлік оқиға ағымдағы жылдың 4 наурызда Сайрам ауданында орын алған. 47 жастағы ер кісі 5 жасар ұлын отын әкелеміз деп үйінің маңындағы тоғайға ертіп барған. Сол кезде баласынан құтылудың жолы деп алдымен оның басынан ұрып, кейін балтамен мойнынан шауып өлтірген.

Сот отырысында жауыз әке өз кінәсін мойындады. Түркістан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы ұлын өлтіруге тұрмыстық жоқшылық себеп болғанын айтқан. Бес баланың әкесі бұған дейін өзіне қол салғысы келген екен. Кейіннен бір ұлын өлтіріп, қалған 4 перзентімен жақсы өмір сүріп кетемін деген ниеті болыпты.

Сотта қайтыс болған баланың анасы жәбірленуші ретінде қатысып, күйеуіне кешірім беретінін айтты.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды.

«Сотталушы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырып, 15 (он бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленген» делінген облыстық соттың берген мәліметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Жолаушылар құқығын бұзғаны үшін бірқатар авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Келесі пост
Бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін төленуі мүмкін

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu