Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен туристің мәйіті табылды

Теги: , ,
411

Түркістан облысында тау шыңынан құлап кеткен ер адамның денесі табылды. Мәйітті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары теңіз деңгейінен 3800 м биіктіктен тапқан.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда жоғалған туристің денесін тау басынан түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда екен.

Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды.

Еске алсақ, біз бұған дейін 3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында теңіз деңгейінен 4236 м биіктіктегі таудың басынан түсу кезінде 1967 жылы дүниеге келген ер адамның  мұз үстімен домалап, еңіске қарай құлап кеткені туралы жазған болатынбыз. Төмен түсу кезінде оның арқаны үзіліп кеткен.

Алдыңғы пост
Түркістан облысында бір күнде 4 бала суға батып кетті
Келесі пост
12 шілдеде Шымкентте аптап ыстық күтіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu