Түркістан облысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында кәмелет жасына толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады. Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген. Ал оқу ақысы 100 мың теңгені құраған.
Полиция хабарлауынша, аталған мекен-жай бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды. Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды. Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден астам діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі.
Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 3-бөлігі “Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.