Түркістанда жас жігіт такси жүргізушілерін сан соқтырып кеткен

419

Түркістанда такси жүргізушілерін сан соқтырып кеткен жас жігіт ұсталды. Қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу  несие алып, 900 мың теңгеден астам шығын келтірген. Ол бұл несие туралы мүлдем хабарсыз болған. Тек бір айдан соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде бір-ақ білген. Оның арызы Қылмыстық кодекстік 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті іс-шараларды жүргізді. Атқарылған тиянақты жұмыстың нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз жас жігіт, жергілікті  тұрғын болып шықты. Күдікті жолаушы ретінде көліктерге  отырып,  көлік иелерінің ұялы телефондарын сөйлесу мақсатында алдап алып, несие рәсімдгені белгілі болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ұұсталған жігіттің бұдан басқа алаяқтықтың  5 жайтына қатысы бары расталған. Жәбірленушілерге  6 миллион теңге шығын келген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шардарада үй ұрысы қомақты қаржы мен әшекей бұйымдарды қолды етті
Келесі пост
Ақмолалық тұрғын әйелін пышақтап тастады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu