Биыл Алматы облысының су қоймаларына 63% артық су жиналды

128

Алматы облысының су қоймаларына өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға артық су жиналды.

Алматы облысының Бартоғай және Күрті су қоймаларына өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 63%-ға артық су жиналды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазсушар» мекемесінің Қонаев атындағы «Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Мейрам Арыстанов мәлімдеді.

Биыл жауын-шашынның көп түсуіне байланысты сәуір-мамыр айларында Бартоғай және Күрті су қоймаларына су ағыны ұлғайды. Бүгінгі таңда Бартоғай су қоймасына 278,9 млн текше метр су жиналды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 95,9 млн текше метрге немесе 52,4%-ға артық. Күрті су қоймасына 109,75 млн текше метр жиналды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 46,5 млн текше метрге немесе 73,4%-ға артық.

Осылайша, екі су қоймасы 2023 жылмен салыстырғанда орта есеппен 62,9%-ға көп су жинады.

Бүгінгі таңда филиал шаруалармен 460 млн текше метр су беру жөнінде 1600 келісімшарт жасады. 2024 жылдың суару кезеңінде 50 мың гектар ауылшаруашылық алқабын суару үшін 500 миллион текше метр су беру жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, филиал «Малыбай», «Объединительный», «Байсейіт», «Қаражота» және т.б. магистральдық арналардағы гидробекеттерге жөндеу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ Күрті магистральдық каналының сол жағалауын, Үлкен Алматы каналының учаскелерін, «Құрам» магистральдық каналын және басқа да нысандарда механикалық тазалау және нығайту жұмыстарын жүргізді», – деді филиал директоры Мейрам Арыстанов.

Алдыңғы пост
Елімізге Корея Республикасының Президенті келді
Келесі пост
Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс аяқталады ма?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu