Тойлардың бірінде ортаға шығып, жастардан қалыспай заманауи әнге билеген қария желіде қызу талқыланып жатыр. Оның видосын қырғызстандық шоумен Таңатар Ахматов ТікТок парақшасында жариялады. Бейнежазбадан сақал-мұртын өсірген қарияны көруге болады. Көзілдірік таққан ақсақал алғашында Майкл Джексонның әніне түрлі іс-қимылмен билеп, той қонақтарын таң қалдырады. Кейін ортаға жастардың бірі шығып, қарт ер кісімен билеп жарысады. Осы сәтте асаба оларды тоқтатады.
Видеоны көрген желі қолданушылары ақсақалдың биіне тәнті болды.
«Маған атаның биі ұнады», «Мәссаған, мықты», «Жарайсыз», «Тойды жарды ғой», «Супер», «Күшті», «Заманауи ақсақал екен», «Сөз жоқ», «Кейбір жастардың өзі бұлай билей алмайды», «Көп жасаңыз», «Маған да қартайған шағымда осылай билеп жүруді Алла нәсіп етсін» деп жазды желі қолданушылары.