411
Жетісу облысында жол қызметінің жұмысшысын көлік қағып кетті. Оқиға «Алматы-Өскемен» тас жолының 410 шақырымында болған.
Полиция хабарлауынша, “Toyota Camry” көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қаққан. Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан. Қатты соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Көлік апаты бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа орналастырылды.