Қылмыс жасап, іздеуде жүрген 200-ден астам адам Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған

Теги: , ,
158

Қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 227 адам шекараны кесіп өтпек болған. Олар Қазақстан азаматтары және шетелдіктер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаменті бастығының бірінші орынбасары, полковник Ғани Ағаділов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, бүгінгі күні ҚР периметрі бойынша Үкімет  қаулыларымен авиациялық, теңіз, өзен, теміржол, автомобиль өткізу пункттері тәрізді 101 өткізу пункті айқындалған.

«ҚХР-мен шекарада бүгінде 7 өткізу пункті ашылған және жұмыс істейді. Қырғыз Республикасымен – 8, Өзбекстанмен – 11, Түрікменстанмен – 2, Ресей Федерациясымен 51 өткізу пункті, 3 теңіз және 19 авиациялық өткізу пункті бар. Жоғарыда аталған өткізу пункттерінің барлығы мемлекеттер арасындағы келісімдерге сәйкес штаттық режимде жұмыс істейді», – деді Ғани Ағаділов.

Өткізу пункттерінде шекарашылар құжаттарды тексеру барысында шекарадан өтудің заңдылығын қадағалайды. Шекара қызметінің ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, адамдардың елге келу, одан шығу құқықтарының негіздемесін тексереді. Шекара бұзушыларды анықтау, сондай-ақ шекара арқылы өткізуге тыйым салынған материалдар мен заттарды алып өтудің жолын кесу мақсатында көлік құралдары тексеріледі. Тыйым салынған материалдар мен заттарға қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі, жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті заттар жатады. Өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны күзетуді жүзеге асыратын қызметкерлерден басқа, қызметтік жануарлар мен шекаралық бақылаудың техникалық құралдары белсенді қолданылады.

«2023 жылдың 7 айында адамдар мен көлік құралдарының шекарадан өтуі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Бұған еліміздің көлік-транзит әлеуетінің артуы, жаңа әуе бағыттарының ашылуы, келу туризмін дамыту мақсатында шетелдіктер үшін визалық және эмиграциялық ережелерді жеңілдету ықпал етті. Аталған кезеңде мемлекеттік шекара арқылы барлығы 20 млн аса адам, 4 млн 400 мыңнан аса көлік құралы өткізілді. Тәулігіне орта есеппен 190 мыңға дейін, оның ішінде 90 мыңға дейіні – шетелдік азаматтар, 30 мыңға дейін көлік құралдары өтеді», – деді спикер.

Елімізге заңсыз немесе жалған құжаттармен кіруге әрекет жасайтын шетелдіктердің саны артқан. Атап айтқанда, кіру-шығу арнасында бөтен және жалған құжаттармен ҚР визаларын қолданған 150-ден астам адам ұсталған. Олар елге кіргізілмей, өз елдеріне депортацияланған.

«Заңнаманы бұзғаны үшін 5 мыңнан астам адам және 10 көлік компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 227 ҚР азаматы мен шетелдіктер ұсталды. Паспорттық бақылау барысында шет мемлекеттің азаматтығы бар 254 ҚР азаматы анықталды. 324 жағдайда 2,8 млрд теңгеден астам сомаға шетел валютасын әкетудің жолы кесілді», – деді Ғани Ағаділов.

Алдыңғы пост
«Shymkent» ӘКК басшылығы 1 гектар жерді заңсыз беріп жіберген
Келесі пост
Көбіне офисте отырып жұмыс істейтіндерге арналған 5 кеңес

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu