Қызылордада кәріз станциясында 2 жұмысшы көз жұмды

Теги:
389

Қызылордада кәріз станциясында жұмыс істеп жүрген екі жұмысшы уланып көз жұмды. Оқиға, бүгін 15 қыркүйекте облыс орталығындағы Қыдыров пен Нұрмақов көшелерінің бойында орын алған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің мәліметінше, жұмысшылардың бірінің жасы 65-те, екіншісі 54 жаста.

«Оқиға орнына барғанда кәріз станциясында тереңдігі 2 метрге жуық шайынды судың толтырылғаны анықталды. Онда 1957 және 1968 жылғы азаматтардың белгісіз жағдайда газдан уланып, көз жұмғаны белгілі болды. «Қызылорда су жүйесі» мекемесінде жұмыс істейтін екі адамның жеке қорғаныс құралдары болмаған. Оқиға орнында жедел құтқару жасағынан 1 техникамен 5 құтқарушы барды. Мамандардың күшімен мәйіттер сыртқа шығарылды», – делінген төтеншеліктер мәліметінде.

Алдыңғы пост
Әлеуметтік осал топтағы 75 мың бала колледж грантына ие болды
Келесі пост
Үздік дәрігерлерге 3 млн теңгеден беріледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu