416
Қызылордада 27 жастағы келіншек заңды некедегі күйеуінің қолынан қайтыс болды. Ішімдік ішкен ер азамат түнгі уақытта оны ұрып-соққан. Оның әйеліне не үшін қол көтергені белгісіз. Жас келіншек ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды. Қанды оқиға 3 тамыз күні болған.
29 жастағы жігіт қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында қашып кетпек болған. Полицейлер оны досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұстаған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.