Жамбылда есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды

349

Жамбыл облысы Шу қаласының маңындағы құмды аумақта орналасқан “Бетқара” шаруа қожалығында 38 және 27 жастағы жергілікті тұрғындар ұсталды. Шаруа қожалық аумағында тінту жүргізу барысында сарайдан жалпы салмағы 73 келі  120 грамм “кептірілген марихуана” және 570 грамм “гашиш” есірткі заты бар 8 полипропилен қабы мен полиэтилен пакеті табылды.

Ұсталғандар өз кінәсін толық мойындады. Олар Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кету керек, күдікті 38 жастағы азамат бұрын бірнеше рет сотты болған.

«Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі   (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған»,  – деді Жамбыл облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Алдыңғы пост
Кентау тұрғыны екі көлікті жалға алып, соңында сатып жіберген
Келесі пост
«Көлік ұтып алдыңыз»: Астана тұрғыны түркістандықты оп-оңай арбауына түсірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu