«Жастар практикасы»: Шымкентте 2 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Теги: , ,
266

Шымкентте «Жастар практикасы» жобасы аясында жыл басынан бері 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қоғау басқармасындағылар хабарлады. 

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберіндегі аталған жұмыспен қамту шарасы мемлекет тарапынан субсидияланады. Басты мақсат – 35 жастан аспаған жастарды, оның ішінде иеленген мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту.

«Жастар практикасы» жобасымен мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесін бастаған жастардың бірі – Әмина Әуезханова. Жоғары оқу орнының түлегі білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін былтыр қалалық «Жұмыспен қамту» орталығының қызметіне жүгінген. Жұмыссыз ретінде тіркеліп, жолдамамен ерекше балаларға арналған «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығына жұмысқа орналасады. Бүгінде сол орталықта тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.

“Мамандығым логопед-дефектолог. Кәсіби мамандыққа алған дипломым бойынша жұмысқа орналасқаныма өте қуаныштымын. Ерекше балалардың сөйлеу қабілеттерін барынша дамытуға күш салып, оңалту шараларын көрсетемін. Нәтижесін көргенде екі есе бақытқа кенелемін. Жұмыс берушілердің де көңілінен шықтым деп ойлаймын”,- дейді Әмина Әуезханова.

Жалпы «Жастар практикасы» жобасы аясында жастардың еңбекақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жұмыспен қамту мерзімі – 12 ай. Кәсіби біліктілігін шыңдаған жастар көп жағдайда жұмыс берушінің ұсынысына қарай еңбек жолын сол мекемеде әрі қарай жалғастыруы мүмкін. Жобаға қатысуға ниетті жастар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Шымкент қаласының «Мансап» орталықтарына жүгіне алады.

Мекен-жайлары:
Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімшесі А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы 201
Абай ауданы бойынша бөлімше Ұ. Арғынбеков 243/3
Еңбекші ауданы бойынша бөлімше Әл-Фараби алаңы 3/2
Қаратау ауданы бойынша бөлімше «Нұрсат» ш/а, С.Бәйтереков 89
Тұран ауданы бойынша бөлімше Қазыбек би көшесі 50-де орналасқан.

Еске салсақ, Шымкентте шағын несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған жастар да аз емес. Мәселен, биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті.

Мемлекетік қолдау 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса кепіл берушіні тартуға болады.

Таяуда кепілді мүлік түрлерінің тізбесі де кеңейтілді. Кепілмен қамтамасыз ету ретінде қосымша екінші деңгейлі банк шоттарындағы ақша қаражаты; республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында, облыстық және аудандық бағыныстағы қалаларда, сондай-ақ ауылдарда және ауылдық елді мекендерде жылжымайтын мүлік тізімге енді. Сонымен қатар жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) (егістік) құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері; жайылымдарды суландыру және қоршау инфрақұрылымы бар жер учаскелері; бау-бақша өсіруге арналған жер учаскелері; мамандандырылған техникалар қабылданады.

Жастарға микрокредит беру бойынша толығырақ ақпаратпен және жиі қойылатын сұрақтармен https://www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады.

Алдыңғы пост
Түркістанда шаруа қожалығының екі басшысы ер адамды 5 жыл бойы құлдықта ұстаған
Келесі пост
Ақсуда мас тұрғын үйіне келген полицейді үтікпен ұрып, білегін тістеп алған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu