Түркістан облысы Жетісай ауданында екі көлік соқтығысып, жан түршігерлік жол апаты орын алды. ІІМ Telegram-каналының жазуынша, бiр бағытта келе жатқан “BMW-525” көлігі “LADA GRANTA” макркалы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан “BMW-525″ көлiгiнiң жүргiзушiсi рөлді игере алмай, жолдың оң жақ бетінде орналасқан аялдаманы соққан. Ал аялдамада орналасқан тамақтану орнында 2 даяшы жұмыс істеп жатқан. Жол апаты салдарынан 2 даяшы мен автокөлік жүргізушілері Жетісай аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда жағдайлары жақсы.
Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын жүргiзуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Қос көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабымен хаттама толтырылды. Сараптама қорытындысымен кінәлі жүргізуші жауапқа тартылатын болады.