Жетісайлық ер адам досының үйіне қонаққа барып, қарт анасын тонап кетті

Теги: , , ,
398

Жетісайда жергілікті тұрғын бөтелкелес досының қарт анасын тонап кеткен. Оқиға кешкі уақытта болған.

Полициядан көмек сұраған зейнеткердің айтуынша, кешкі уақытта үйінде қонақта болған ұлының досы күш көрсетіп, құлағындағы алтын сырғасын шешіп алған. Содан оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен. Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келген.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша тіркеуге алынды.

Жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру шараларының нәтижесінде тәулік ішінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын полицияға жеткізілді. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жәбірленушінің ұлымен бірге үйінде ішімдік ішкен. Кенеттен ойы өзгерген ол есік алдында келе жатқан қарт әжейге күш қолданып, құлағынан сырғасын шешіп алған.

“Тәртіп сақшылары қолды болған алтын сырғаны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде” деп хабарлады полициядан.

Алдыңғы пост
Елімізде қаймақ бағасы қанша тұрады?
Келесі пост
Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu