​Жылыту қазандықтарын ұрлауды кәсіп еткен жас жігіттер ұсталды

374

Шымкентте жылыту қазандықтаын ұрлап кетіп, оңай олжаға кенеліп келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Қаратау ауданыдық полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, үйінде тұрған құны 250 мың теңгелік жылыту қазандығын белгісіз тұлғалар жасырын түрде ұрлап кеткен.

Тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ретінде үш азамат ұсталды. Олардың бірі – Шымкент қаласының 27 жастағы, қалған екеуі Түркістан облысының 29 және 31 жастағы тұрғындары болып шықты. Үшеуінің де тұрақты жұмыстары жоқ.

«Ұсталған үшеудің басқа да осындай 4 ұрлық жайтына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі кезде ұрланған заттар заңды иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
​Студент жігіт аулада тұрған көлігін ұрлатып алды
Келесі пост
​Мурат Айтенов проинспектировал строительство стратегического объекта

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu