Куәліксіз көлік жүргізген мас азамат, полиция көлігімен соқтығысты

42

Жүргізуші куәлігінен айырылған мас азамат полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты деп хабарлады ҚР Бас Прокуратура.

«Полиция ққызметкерлері жүршізушіге тоқтату талабын қойған кезде, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан. Қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікпен соқтығысумен аяқталды. Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.

Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелді.

Прокуратура ескертеді, Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде көлік басқаруы, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына алып келеді.

 

Алдыңғы пост
Кипрде орман өрті өршіді: 10 мың гектардан астам аумақты өрт шарпыды
Келесі пост
Ермек Көшербаев: «250 мың адам жұмыспен қамтылды»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu