106
Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Ол, мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударып алған көрінеді.
Қазіргі таңда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл істі жіті бақылауға алған. Тергеу амалдары жүргізілуде.