XXI ғасырдағы құлдық: 50 млн астам адам жұмысқа немесе некеге мәжбүрленеді

339

Соңғы 5 жылда «қазіргі заманғы құлдардың» саны бірден төрттен бір бөлікке артқан. Бүгінгі таңда БҰҰ-ның бағалауынша, 28 млн адам еріксіз түрде жұмыс істейді, ал тағы 22 млн адам өз қалауына қарсы отбасын құруға мәжбүрленген. Мұндай баяндаманы Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҚҰ) және Walk Free («Еркін бол») халықаралық құқық қорғау тобы бірлесіп жариялап отыр. Бұл туралы Elitar.kz БҰҰ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, 2016 жылдан бері XXI ғасырдағы құлдықтағы адам саны 25%-ке өскен: 28 млн адам мәжбүрлі жұмыста, тағы 22 млн адам еркінен тыс некеге тұрған.

Зерттеушілердің мәліметінше, мәжбүрлі еңбекке тартылғандардың басым бөлігі Азия-Тынық мұхиты аймағында – 15,1 млн адам, Еуропа мен Орталық Азияда – 4,1 млн, Африкада – 3,8 млн, Америкада – 3,6 млн, Араб елдерінде – 0,9 млн адам – тіркелген.

“Жағдайдың түзелмеуі таңғалдырады. Адамның негізгі құқықтарының бұзылуын ақтап шығу мүмкін емес”, дейді Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.

“Есеп авторларының айтуынша, адамдарды зорлық-зомбылықпен қанау әлемнің барлық дерлік елінде тіркелген. Дегенмен барлық құлдықтың жартысынан көбі және мәжбүрлі некеге тұрудың төрттен бір бөлігі табысы орташа деңгейден жоғары мемлекеттерде орын алған. Сонымен бірге басқа ересек жұмысшыларға қарағанда мигранттар үш есе көп «құлдыққа» жиі ілінеді.

Зерттеушілер мигранттардың заңсыз басқарылатын көші-қон жүйесі, жұмысқа қабылдау ережелері мен этикасын бұзу салдарынан көп жағдайда адам саудасының құрбаны болатынын алға тартуда. Мигранттардың мәжбүрлі еңбек пен адам саудасына осалдығын азайту ең әуелі ұлттық саясат және құқықтық негіздерді қамтамасыз ететін көші-қон процесінің барлық кезеңіндегі адам құқығы мен негізгі бостандықтарының сақталуына байланысты.

Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Антонио Виториноның айтуынша, “мәжбүрлі неке де — құлдық”. Зерттеушілердің мәліметінше, 2021 жылы 22 миллион адам мәжбүрлі некеде өмір сүрген, бұл 5 жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда 6,6 миллионға көп деген сөз.

Дегенмен авторлар 16 жасқа толмаған балаларды қоса есептегенде мәжбүрлі некедегілердің нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағуда. Мұндай құлдық түрі көбіне патриархал көзқарас пен дәстүрге орныққан аймақтарға тиесілі. Мәселен, мәжбүрлі некеде тұратындардың 85%-нан астамына туыстарының қысымы әсер кеткен. Мәжбүрлі түрде некеге тұру жағдайының үштен екісі (65%) Азия-Тынық мұхиты аймағында тіркелген. Араб мемлекеттерінде әрбір 1000 адамның бесеуі некеге тұруға мәжбүр, бұл – дүниежүзіндегі кез келген аймақтағы ең жоғары көрсеткіш.

Баяндамада қазіргі құлдықты жоюға болатын шаралар түрі сипатталған. Бұл – заңнамалық базаны жетілдіру және құқық қолдану тетіктерін дамыту, соның ішінде тұрақты еңбек инспекцияларын жүргізу және мемлекет жүктеген мәжбүрлі еңбекті тоқтату. Зерттеу авторлары әлеуметтік қорғауды нығайтуды және жұмысшыларға құқықтық қолдауды кеңейтуді ұсынады. Сондай-ақ, заңмен белгіленген неке жасын 18 жасқа дейін көтеру маңызды, деп санайды зерттеушілер.

Басқа шараларға еңбек мигранттары үшін адам саудасы мен мәжбүрлі еңбек қаупінің жоғарылауы мәселесін шешу, әділ және этикалық жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және әйелдер мен қыздарға, сондай-ақ басқа да аз қорғалған топтардың өкілдеріне кең қолдау көрсету кіреді. Бұл үшін құқықтық негіз ретінде қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы Жаһандық шарт пайдаланылуы мүмкін.

Алдыңғы пост
Қоқысты не істейміз? Биыл әлемде 5 миллиардтан астам ұялы телефон полигонға лақтырылады
Келесі пост
Қазақстандық әскерилер Тәжікстандағы ҰҚШҰ-ның «Шекара-2022» оқу-жаттығуларына қатысуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu