Өзбекстанның Сырдария ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Өзбекстан министрлігінің мәліметінше, таңғы сағат 05:01-де аудандық төтенше жағдайлар бөліміне Сырдария облысы Сырдария ауданы Мәлік ауылында жарылыс болған.
«Оқиға салдарынан зардап шеккен 16 азаматтың 12-сі Сырдария аудандық медициналық бірлестігіне жеткізілді. Олардың барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалында 4 науқас стационарлық бақылауға алынды», – делінген хабарламада
Ведомстводан зардап шеккендер арасында ауыр жарақат алғандар мен ауыр халде жатқандар жоқ екенін атап өтті.
Еске салсақ, Өзбекстанның Сырдария облысы Мәлік ауылындағы әскери қоймада жарылыс болды. Жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданында естілді.