255
Алматы қаласында іс-түссіз жоғалып кеткен Lenovo компаниясының директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды.
Қазіргі таңда, азаматтың өліміне кінәлі деген күдікпен 24 жастағы жігіт қолға түсті. Оны полицейлер Қарағанды облысынан ұстаған.
Қолдағы ақпаратқа сүйенсек, 42 жастағы ер адамның денесі Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында табылған.
Полицияның мәліметінше, «адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қазанда Жақыпжанов жоғалып кеткен болатын. Lider.kz еріктілер ұйымы оған іздеу салған еді. Іздеу жұмыстары 10 қазанда тоқтатылды.
Марқұм «Lenovo» компаниясында жұмыс істейді. IPMA жобаларының менеджері болған. Оның артында кәмелеттік жасқа толмаған екі ұлы мен жары қалды.