269
1986 жылы туылған азаматқа Лондонда кісі өлтірді деген айып тағылған. Ол 8 мамырда Темза Магистратура сотына әкелінген. Нақтырақ айтар болсақ, 6 мамыр күні кешкі сағат тоғыздар шамасында Лондондағы аудандардың бірінен 42 жастағы ер адамның денесі табылған.
Оқиға орнында жұмыс жасаған полиция қызметкерлері, ажал құшқан адамның денесінде пышақ жарақаттары бар екендігін анықтаған.
Кейбір деректер бойынша, күдікті Қазақстаннан Ұлыбританияға 2023 жылдың мамыр айында 6 айға маусымдық жұмыс визасымен келген көрінеді.