259
Маңғыстау облысында тас жол бойында көлік өртеніп, сегіз адам зардап шекті. Нақтырақ айтар болсақ, көлікте төрт ересек және үш бала болған. Жасөспірімнің біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды Lada. kz
Фото: видеодан алынды
“2 қыркүйекте сағат 16.04-те Түпқараған ауданы Ақтау – Форт-Шевченко автожолының 43-ші шақырымында жүріп келе жатқан Toyota Estima автокөлігінің толық өртенуі орын алды. 16.27-де өрт сөндірілді”,-деп хабарлады Маңғыстау облысының ТЖД.
Балалар ауруханасына 2016, 2015 және 2019 жылы туған үш бала жеткізілген.
«Екі баланың жағдайы тұрақты, үшіншісі – реанимацияда. Реанимацияға түскен баланың оң жақ білегін ампутация жасауға тура келді», – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.