63
Қызылордалық прокурорлар, бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Олар, мемлекеттің теңгесін жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді. Нәтижесімен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғанын әшкереледі.
Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді.