Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне қандай тапсырма жүктеді?

54

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді деп хабарлады Руслан Желдібай.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты әрі өз деңгейінде өткізудің, қаланы көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеудің, сондай-ақ алматылықтарды алаңдататын басқа да мәселелерді шешудің маңызын атап өтті.

Ерболат Досаевқа еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәдени хабы ретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылды.

Қала әкімі Президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.

Алдыңғы пост
15 жастағы жасөспірімнің үстіне бетон құлап кетті
Келесі пост
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu