112
Орынсыз жағдай, Астана қаласында көпқабатты тұрғын үй кешенінде орын алған. Аулада жүрген балалар достарын үйдің 3-қабатынан лақтырып жібермек болғанын айтып видео түсірген. Желіде тараған видео кадрларынан жасөспірімнің кішкентай балаларды өзінің құлы ретінде таныстырып жатқанын байқауға болады. Ол “қазір мына ақымақты үйдің 12-қабатынан лақтырамыз” деп айтады.
“Секіресің бе? Секіргің келе ме?! “Иә” деп айтып жатыр. Біз қазір 3-қабаттамыз. Соңғы сөзіңді айт. Қоқыс тұрған жаққа лақтырайық”, – деді жасөспірім.
Абырой болғанда, баланы ағасы құтқарып қалды.
Қазіргі таңда, барлық жасөспірімдер заңды өкілдері мен бірге бөлімшеге жеткізілген. Тиісті жауап алынған соң, шара қолданылмақ.