210
Жағымсыз жағдай, Астана қаласындағы теміржол вокзалында орын алған. Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалға сүйенсек, азаматша сауда дүңгіршегін қиратып, быт-шытын шығарады. Мұнан соң, қызметкерлермен алыса жөнеледі.
Бұл факті бойынша елордалық полицейлер анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бұзақылық жасаған әйелдің жеке басы белгілі болды.
Алайда, азаматшаның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.