Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиадасы тікелей эфирде көрсетіледі ме?

190

Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиаданы Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді.

Қазақстандықтар Олимпиаданы «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады.

Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиаданың сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

Жазғы Олимпиада кезінде «Қазақстан телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.

Алдыңғы пост
Президент Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады 
Келесі пост
Шымкентте кезекті бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu