35
Петропавлда өрт сөндірушілер Ж.Жабаев көшесіндегі 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде болған өртті сөндірді. Өрттің ауданы 20 шаршы метрді құрады.
СҚО өрт сөндірушілері 97 адамды баспалдақпен эвакуациялап, жедел жұмыс жасады. Сонымен қатар, 29 адам, оның ішінде 6 бала автокөлік сатысымен құтқарылды.
Барлық тұрғындар түтінді ғимараттан уақтылы шығарылғанның арқасында зардап шеккендер жоқ.