Шерзаттың өліміне қатысы бар деп айыпталған күдіктінің анасы: «Балам кінәлі емес»

158

Марқұм Шерзаттың өліміне кінәлі деп танылған күдіктінің анасы, Ләйлә Қазекенова Президентке, Бас прокурорға, ІІМ үндеу жасады. Азаматша, осы оқиға бойынша, істің әділетті тергелуін сұрайды. Сондай-ақ, ол, жасөспірімнің отбасына қайғыра көңіл айтып, баласын ақтап алғысы келеді. Өйткені, баласы Арлан және оның досы оқиға орнына кешірек барған. Ал, олармен бірге жүрген қыздар куәгер ретінде қарастырылуда дейді. Әлде, бұл БАҚ бетінде айтылған 13 адам санын толықтыру ма, деп отыр.

«Бастапқыда, 7 адамды күдікті ретінде қамаған болатын. Содан соң, іске 13 адамның қатысы бар деген ақпарат тарады. Соған байланысты ма, білмеймін. Бірақ, қатысы жоқ балам, Қазекенов Арланды, досы Юлдаш Розбакиевті қамауға алды. Оларға, қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр. Шын мәнінде, балаларым оқиға орнына кеш келген. Олардың жанында куәгер ретінде өтіп жатқан қыздар да бар»,- дейді анасы.

Айта кетейік, 4 қазан күні Шерзатты, бір топ азаматтар, анасының көз алдында пышақ салып өлтіріп кеткен болатын. Қазіргі таңда, тергеу жүргізіліп, 10 адам қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Есікқорған ауылының оқушылары мектепке жарымай отыр
Келесі пост
ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар қаза тапты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu