Шымкент әкімдігі дендросаябақтағы өрттен ағаштарға зақым келмегенін мәлімдеді

Теги:
272

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта өрттің алдын алу шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, күні бүгінге дейін өрт қауіпі бар 8 гектар жерде тазалау жұмыстары жүргізілген. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жасыл желек аймағы бақылауға алынған. Сақтық шарасы мақсатында 2 су тасымалдау көлігі әзірленген. Ал аптап ыстықтан өрт шығу қаупінің басымдылығына байланысты қураған шөптерді тазалау жұмыстарына қосымша 150-ге жуық адам жұмылдырылыпты. Шөп орғыш 85 техника және 12 дана көлік көмегімен дендросаябақтың аумағында 5 арнайы топ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр екен.

Жауаптылар күні бүгінге дейін дендросаябақта өрт салдарынан ағаштарға зақым келмегенін мәлімдеді.

Келесі пост
Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu