Шымкентте 2 жастағы бүлдіршін 6 қабаттан құлап қаза тапты 

26

Қайғылы оқиға, Шымкенттегі Тұран-2 ықшам ауданында 6 шілде күні орын алған.  Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала отбасымен 9 қабатты тұрғын үйдің 6 қабатында жалдамалы пәтерде тұрған. Анасы үйде, әкесі жұмыста болған. Ас бөлмесіне шығып кеткен анасы, қас-қағым сәтте баласынан айырылып қалды.

Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері төртінші қайғылы жағдай тіркелген.  Оның үшеуінде балалар қайтыс болған. Сондықтан, ата-аналар қауіпсіздік шараларына мұқият болу керек дейді жауаптылар.

ИРИСМАД МАХМУДОВ, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:

«Барлық ата-аналарға айтатынымыз кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға, қазір барлығымыз білеміз, жас мезгілі күн ыстық, пәтерлерде ыстық болады. Терезелерді толығымен ашып тастайды. Терезелерді толық ашпауға ұсыныс береміз. Жалпы бекіткіштерді орнатуды, жиһаздарды терезе түбіне қоймауды, балаларды жалғыз қалдырмауды, және москитный тор, балалар ойлайды ол қорғайды деп, бірақ ол өте қауіпті нәрсе, оған сүйене тұра баламен бірге түсіп кетуі мүмкін. Соңғы жағдай осы проблеманы көрсетіп тұр».

Мамандар жазатайым оқиға әп-сәтте санаулы секунттарда орын алуы мүмкін екенін ескертеді. Ресми мәлімет бойынша, 2024 жылы қалада 8 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлаған. Олардың біреуі қайтыс болып, қалғаны аман қалған.

Алдыңғы пост
Маңғыстау облысында прокуратура мемлекетке 90 мың гектардан астам жерді қайтарды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu