Шымкентте мамандандырылған ХҚКО-да өрт шықты

Теги: , ,
374

Шымкентте 196 орам мекенжайында орналасқан №2 мамандандырылған халыққа көмек көрсету орталығында өрт шықты.

Оқиға бүгін, 26 қыркүйекте кешкі уақытта болған. Өрт туралы «101» диспетчерлік қызметіне сағат 17:25-те хабарлама келіп түскен.

Орталыққа шұғыл жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың 65 шаршы метр шатыры жанғандығын анықтаған. Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 74 қызметкері, 17 техникасы жұмылдырылды.

«Қызыл жалын сағат 17:56-да оқшауланып, сағат 18:02-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт қысқа тұйықталудан орын алды” делінген ТЖД мәліметінде.

Алдыңғы пост
ДСМ: Қазақстанда балалардың 17,5% буллингке ұшырайды
Келесі пост
«Мәйітті күтушінің күйеуі тастаған»: Жол бойындағы әжетханадан 4 жасар баланың денесі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu