Шымкенттегі пәтерлердің бірінен үндістандық екі студенттің денесі табылды. Олар, үш отандасымен бірге баспана жалдап тұрған.
Үндістаннан келген 21 және 22 жастағы екі жігіт Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2 курс студенттері екен.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шетелдіктердің өлімінің себебі әлі белгісіз, нақты ақпарат тек сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін ғана жарияланады.
Ал, газ қызметкерлерінің айтуынша, пәтерде газ иісі анықталмаған. Студенттердің мәйіттері пәтердің жатын бөлмесі мен дәлізінде жатқан.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова ОКҚ-да өткен брифингіде осы жылы Үндістаннан келген көрші елдердің азаматтарынан тырысқақтың үш жағдайы тіркелгенін айтқан болатын.